Достарды қалай табуға және адамдарға қалай әсер етуге болады?! Дейл Карнеги Американдық психолог, педагог, жазушы. Өзінің жанжалсыз және табысты қарым-қатынас жасау тұжырымдамасын жасап шығарған адам. Өзін-өзі дамыту туралы психологиялық курстар жүргізіп, тиімді қарым-қатынас, көпшілік алдында сөз сөйлеуді жете оқытушы маман. Оның кітаптарды бүгінгі таңда да ерекше сұранысқа ие. Дейл Карнеги әлемде жаман адамдар болмайды, тек күресіп жеңуге болатын келеңсіз жағдайлар ғана болады деген. Бұл келеңсіздіктер үшін өзіңнің және өзгенің көңіл-күйін құртудың қажеті жоқ деген әдемі сөздерді де айтқан ұлы тұлғалардың бірі. Бұл кітап сіздерге көптеген бағалы құндылықтарды сыйлайды 1. Сізді ақыл-ой тұйығынан шығарып қана қоймай, сізге жаңа арман, жаңа мақсат, жаңа ой береді. 2. Сізге жаңа достарды оп-оңай табуға көмектеседі. 3. Сіздің беделіңізді арттырады. 4. Адамдарды сіздің ойыңызбен келісуге септігін тигізеді. 5. Сіздің беделіңізді, абыройыңызды, өз дегеніңізге жетуді қасиетін арттырады. 6. Жаңа клиенттерді, жаңа тапсырысшыларды тартуға көмектеседі. 7. Табысты адамға айналдырады. 8. Іскерлік қасиеттеріңізді дамытады. 9. Наразылықты бәсеңдетіп, ерегістен алшақтап, адамдармен достық қарым-қатынас орнатудағы зор мүмкіншілікке ие боласыздар. 10. Шебер оратор, қызықты әңгімелесуші бола аласыздар және т.б I Бөлім. Адамдармен жақсындасудың негізгі әдістері I тарау. Бал алғыңыз келсе, ара ұясын ақтармаңыз. Сын пайдасыз нәрсе, өйткені адам тек өз-өзін ақтаумен болады. Сын қауіпті нәрсе, өйткені адамға ең қымбаттысы адамгершілік қасиетін жояды, реніж, жеккөрушілік тудырады. Ең ауыр сын тарих бетінде әрқашан пайдасыз екені белгілі. Айыпты адам өзінен басқасының барлығын айыптай береді. Бір нәрсені ұмытпаған жөн: сын – үй көгершіндері іспеттес. Олар қайта өзіңе оралады. Егер ертең біреуді өмір бойы ренжітемін деген ниетпен сын айтқыңыз келсе, онда іске сәт. Алайда, өзіңізді әділеттімін деп санамаңыз. Адамдармен қарым-қатынас барысында, олардың эмоцияға берілгіш, қисынсыз жаратылыс иесі, намысшыл, менменшіл екендерін ұмытпағайсыздар. Сын – қауіпті ойын, намыс атты оқ-дәрілі жерқоймадағы жарылысқа себепші болатын нәрсе. Адамдарға кінә тағып, айыптағанша оларды түсінуге тырысып көрейік. Неліктен олар былай емес, басқаша жасайды. Бұл өте тиімді және қызықтырақ. Бір-бірін түсінуді, сабырлықты, кеңпейілділікті насихаттайды. II тарау. Адамдармен қарым-қатынас орнатудың ұлы құпиясы. Біреуді бір нәрсе істетуге көндірудің жалғыз жолы бар. Бұл туралы ойланып көріп па едіңіздер? Ия, жалғыз жол – ол сол нәрсені істеуге деген құлшынысын ояту. Есте сақтаңыздар, басқа жолы жоқ. Әрине, сіздер қорқыту, үркіту арқылы баладан жұмысшыңызға дейін айтқаныңызға көндіре аласыз. Бірақ бұл дөрекі әдістің соңы жақсы аяқталмас. Сізді көндірудің, ымыраға келудің жалғыз амалы – сіз қалаған нәрсені ұсыну. Ал сіз не қалайсыз? Көп емес, алайда сізді үміттендіретін, сіз қалайтын, бас тарта алмайтын нәрселер. Ақыл-есі дұрыс үлкендердің қалауы мынандай: 1. Денсаулық пен қауіпсіздік 2. Тамақ 3. Ұйқы 4. Ақша және оған алынатын заттар 5. Өзінің болашағына деген сенімділік 6. Нәпсі рахаты 7. Балаларының жарқын болашағы 8. Өзінің маңыздылық сезімі Барлық бұл тілек-қалаулар қанағаттандырылады, тек біреуінен басқасы. Линкольн бір хатында жазғандай: «Әркімге оны мақтаған ұнайды». Өзінің орнын, маңыздылығын сезіну қажеттілігі – адамдарды жануарлардан ажырататын негізгі айырмашылық. Бұл қалауыңыз арқылы сіз соңғы модамен киінесіздер, соңғы маркалы көлікті айдайсыздар. Дәл осыны қалағандықтан жас өспірімдер бұзақыға айналады. Егер сіз қалай өзіңіздің маңыздылық сезіміңізге ие болғаныңызды айтсаңыз, мен сіздің кім екеніңізді айтып бере аламын. Бұл сіздің мінез-құлқыңызды анықтайды. Бұл ақылсыздықтың себебі неде? Бұндай кең ауқымды сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Біз білетіндей, сифилис сияқты кейбір дерттер мидың клеткасын жоятындықтан, адам ақыл-есінен адасады. Психикалық аурулардың жартысы миға зақым келу, алкоголь, токсиндер және жарақат алудан туындайды. Ал жартысы – тарихтың жаман жағы – жынданудың басқа жартысы миға зақым келуіне еш қатысы жоқ; экспертиза кезінде, олардың ми құрылыстары сау адамдікімен бірдей. Онда неліктен бұл адамдар ақыл-есінен адасқан? Психиатрлық емхананың бас дәрігерінен сұрағанымда, дейді Дэйл Карнеги, кейбір жынданған адамдар өзінің шынайы өмірде жете алмаған маңыздылығын ақылсыздық кезінде табады деді. Неліктен мультимиллионер, кәсіпкер Эндрю Карнеги Чарльз Швабқа жылына миллион доллар немесе күніне үш мың доллар төлейтін? Неге? Мүмкін, Шваб данышпан болған шығар? Жоқ. Өндіріс туралы бәрінен жақсы білген шығар? Бос сөз. Чарльз Шваб айтпақшы, оның қол астындағы жұмыскерлер өндіріс туралы оның өзінен де көп білетін. Оған осыншама қаражатты адамдарға жақсы басшылық ете алуына байланысты төлейді екен. «Мендегі ең жақсы қасиеттердің бірі, адамдардың ынта, құлшынысын оята алатындығым, - деді Шваб, - адам бойындағы жақсы қасиеттерді сыртқа шығаратын ең тиімді амал олардың құндылығын мойындау және оларды марапаттау». Атаққұмарлықты жоюдың оңай әдісі жоғарғы лауазымды адамдардың сынына ұшырау. Мен адамдарды ешқашан сынамаймын. Еңбекке мотивация беретін амалдарды қолданамын. Сондықтан сол адамға лайық мадақ пен мақтау айтамын». Шваб дәл осылай істейтін. Ал қоғамдағы адамдар не істейді? Тап бәрін, бірақ керісінше. Оған бірдеңе ұнамаса, жындардың бәрін еске салады, ұнаса - үндемейді. Жоғары бағалау мен жағымпаздықты шатастырмау керек. Біріншісі шынайы, екіншісі – жоқ. Біріншісі барлығының құрметіне ие болса, екіншісі барлығының жек көрушілігіне ие болмақ. Өзгенің шынайы басымдылықтарын, жақсы қасиеттерін мақтаумен болайық. Сонда жағымпаздыққа ұшырамаймыз.

Теги других блогов: продвижение SEO Google