Назарбаев жаңа «Жол ережелерінің» өзгерістеріне қол қойды. Жол ережелеріне енгізілетін өзгерістер жемқорлықты жоюға бағытталған делінеді. Мысалы: — Полицейлер жүргізушіні тоқтатқаннан кейін тез келіп, аты-жөнін айтып, куәлігін көрсетіп, не үшін тоқтатқанын айтуы тиіс. Егер радармен «атқан» болса, радарындағы деректі көрсетуі тиіс. Бұл талаптар заң жүзінде бекітілді; — Қымбат бағаға сатылатын «әдемі» нөмірлердің тізімі көбейді; — Көлік құралын тоқтатқан кезде жүргізуші фото- және виде түсіруге құқылы болды; — Заңға «құқық қорғау және арнайы органдардың арнайы шарасы» деген түсінік енгізілді. Осы түсінік көлік құралдарын тоқтатуға негіз беретін болды; — Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен азаматтар қайта емтихан тапсырмайтын болды; — Жолаушылар тасымалымен тұрақты айналыспайтын тасымалдаушыларға түнгі уақытта жолаушы тасуға тыйым салынды; — Көлік құралдарына аэрографиялық сурет салуға тыйым енгізілді; — Көлік рөлінде мас күйінде ұсталғандарды 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыратын болды. Медициналық сараптамадан өтуден бас тартқандардың куәліктерін де 3 жылға тартып алады. — Стоп-линиядан асып кеткендердің айыппұлы 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендеді; — Полиция тоқтатқаннан кейін жолаушыларға полицейдің рұқсатынсыз көліктен шығуға болмайды деген талапты алып тастады.