"Адам 100 теңгесін садақаға қимайды, бірақ сол 100 теңгеге магазиннен бірдеңе алғысы келсе көп нәрсе сатып ала алмайды… Адам дұға жасауға 10 минутын көп көреді, бірақ бір кино немесе футбол ойынын қарауға 90 минуттың өзі аз сияқты көрінеді… Адам футболға қосымша уақыттың берілуіне қуанады, ал Жұма намазы кезінде оқылатын уағыздың қосымша бірнеше минутқа созылғанына ашуланады… Адам намаз оқыған кезде / ғибадат жасаған кезде дүниелік нәрселерді көп ойлайды, бірақ дүниелік істермен айналысқанда Ислам туралы еш ойламайды… Адам концертке барса ең алдынғы қатарларда отыруға тырысады, бірақ мешітте намаздан кейін тез шығып кетейін деп, ең соңына отыруға тырысады… Адам бір аят немесе хадис жаттауға қиын дейді, хит өлеңдерді жаттап алуға еш қиналмайды… Адам бір діни әңгіме үшін уақыт таппайды, бірақ өсек айту үшін үй аралап арнайы барады ... Адам Жәннатқа баруды армандайды, бірақ ол үшін ешнәрсе жасағысы келмейді… Адам күнде біреудің қайтыс болғаны жайлы хабар алады, бірақ сонда да өзінің бір күні қайтыс болатынын ойламайды… Адам бір күні шіріп кететін денесін жақсы формада сақтау үшін не жегенін қадағалап жүреді, бірақ ешқашан шірімейтін рухына еш күтім жасамайды… Біреудің болмашы суреттерін , видеоларын "репост" асыға жасайды...Ал бауырлары үшін керек болар осындай дүниені өзі ғана оқып қояды..." АЛЛАХЫМ ЖҮРЕКТЕРІҢІЗГЕ ИМАН БЕРСІН !!!

Теги других блогов: намаз әрекет дін